Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ аймақтық ақсақалдар форумын өткізді

0 134

Көкшетау қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қариялар – дәстүрімнің қазығы» тақырыбында өткен аймақтық ақсақалдар форумында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баяндама жасады.

«Аузы дуалы аталар мен өнегелі ісі көп ақ жаулықты аналарымыздың біз үшін орны бөлек. Аллаға шүкір, елімізде байырғы бабалардан келе жатқан осы бір сабақтастық әлі күнге өз құндылығын жойған жоқ. Қарияны құрметтеу – біздің бабалардан мирас болған қастерлі мұрамыз іспетті. Мемлекетіміз де қарияларын әрқашан қолдап келеді. Мемлекет басшысы, қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы әркез қоғамда Ақсақалдар кеңесінің жұмысын жандандыру қажеттігін айтып келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да өз мүмкіндігі аясында мүфтият жанынан Ақсақалдар кеңесін құрып, осы бағытта бірқатар жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Ақсақалдар арасында өткен республикалық бата беру байқауы көпшіліктің қолдауына ие болды. Қоғамда бата беру дәстүрі жаңғыра бастады» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, игі басқосуға зиялы қауым өкілдері, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.