Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алғыс айту күніне орай қарттарға құрмет көрсетілді

0 254

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің алғыс айту күніне орай тағылымды шара өтті.

Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген Алғыс айту күні ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен мешіттің ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарына құрмет көрсетіп, сый-сыяпат жасалды.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласы бойынша жауапты өкілі Нұрбол Оразбай мен «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Нақыпбекұлы құлшылық үйінің «көгершіндері» болып жүрген қарияларға үлкен алғысы мен ыстық лебіздерін білдіре отырып, Құран Кәрім салынған сыйлық қорапшаларын тарту етті. Қарттар қауымы да өз кезегінде ризашылықтарын айтып, ақ батасын беріп жатты.

Возможно, это изображение 2 человека, помост и текст

Возможно, это изображение 3 человека и текст

Нет описания фото.

Возможно, это изображение 2 человека

Возможно, это изображение 2 человека и текст

Возможно, это изображение 4 человека и текст5

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.