Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астана мешіттерінде «Пәтуа сағаты» тұрақты түрде жалғасуда

0 190

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты 14 мешітте бекітілген жоспарға сәйкес жұма намазынан соң жамағатқа ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған пәтуаларды таныстырып, ашықтап беру мақсатындағы «Пәтуа сағаты» тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда өте өзекті саналып отырған бірқатар даулы мәселелер бойынша, қаржылық жайттардың шариғаттағы үкімі, қажылыққа қатысты ескерер түрлі үкімдер, т.б. күрделі мәселелердің үкімін мешіт имамдары «Пәтуа сағатында» жамағатқа жан-жақты түсіндіріп келеді.

Сондай-ақ, шара соңында жамағаттың сұрақтарына кезек беріліп, басқа тақырыптар бойынша да насихат айтылады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.