Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бақытты болуы жолдары

0 744

1.Игі амалдар.

 Иман етіп, Алланың алдындағы міндетті толық орындау, қамшының сабындай қысқа ғұмырымызды әрі ақырет өмірімізді бақытты етеді.

Алла Тағала «Нахыл» сүресінің 97- аятында:

«Ер немесе әйел иман еткен бойда ізгі іс істесе, олар үшін жақсы өмір дайындаймыз», – деп уәде еткен.

2.Салиқалы әйел.

 Ол жайлы Алла «Фурқан» сүресінің  74-аятында:

«Бізге  жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық бер!» – деген.

3.Кең үй.

 Бұл жайында бір хадисте Пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!)«Алла тағалам, менің үйімді кең ете гөр!» – деген.

4.Жақсы кәсіп үйрену.

 Хадисте «Расында Алла жақсы және жақсы нәрселерді ғана қабыл етеді», – деген.

5.Адамдарға жақсы мінез-құлық пен махаббат сыйлау. Біреуге жақсылық жасау, досыңды қуанту–

көңілге әрі жүрекке қуаныш сыйлайды.

6.Қарыздан таза болу және ақша жұмсағанда ысырап етпеу.

 Бұл жайлы Алла «Фурқан» сүресінің 67-аятында:

«Олар мал сарып қылғанда, ысырап та қылмай, сараңдық та істемей, орта жолда тұрады», – деген.

«Үміт сәулесі» кітабынан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.