Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін мен дәстүр бағыты аясында мерекелік шара өтті

0 365

Құрбан айтқа орай дін мен дәстүр сабақтасты аясында мерекелік шара өтті.

Айт намазы оқылғаннан кейін «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мереке мазмұнын асыру мақсатында жамағат арасында ұлттық спорт түрлерінен сайыс өткізілді.

Айт намазына жиналған жамағат арасында гір көтеру, асық ату, қой көтеру сияқты аталымдар бойынша ұлттық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға мешіт тарапынан сыйлық берілді.

Шараға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің имамдары арнайы қатысып, жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтады.


Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.