Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бұралқы ит үнімен жағады

0 327

Биді “би” десе, күледі,

Құлды “құл” десе, өледі.

 

Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам.

 

Күншілдің күні – қараң.

 

Иттің бәрі тазы болмас.

 

Ақпейілдің аты арып, тоны тозбас.

 

Аққа қара жоқ, қараға шара жоқ, кәрілікке дауа жоқ.

 

Қызық өссе, қылықтымен ауыл бол,

Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл бол.

 

Балық жеген  – бағыспайды,

Жан-жағына қағыспайды.

 

Мекіре балықтың тұмсығы тасқа тимей тоқтамас.

 

Аңдамай сөйлеген – ауырмай өледі.

 

Сыпайы сырын жасырмайды, пұшық мұрнын жасырмайды.

 

Сусыз жердің шөбі арам,

Еңбексіз ердің тұзы арам.

 

Қарны тойса, қартаны ас демейді.

 

Ашу – пышақ, ақыл – таяқ.

 

Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы жұқпас.

 

Бұралқы ит үнімен жағады,

Бұйра қозы жүнімен жағады.

 

Білмес – Құдайды білмес, көрмес – түйені көрмес.

 

“Мәшһүр Жүсіп шығармаларының ХІІІ томынан алынды.

Sunna.kz

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.