Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Сахабалардың білім іздегендерді ынталандыруы

0 368

Әбу Харун әңгімелейді: «Әбу Саидке барғанымызда, бізге былай дейтін: «Қош келдіңдер, уа, Алланың елшісі бізге құрмет көрсетуді өсиет етіп кеткен қадірлі қонақтар! Расулалла: «Халық сендерге ереді, жер бетінің түкпір-түкпірінен адамдар сендерге ағылады. Олар Ислам дінін үйрену үшін ат арытып келеді. Оларға жақсы қараңдар, жақсы кеңестер беріңдер» дейтін».

Әбу Һұрайраның білім алып жатқандарға ілтипат білдіруі

Исмаил әңгімелейді: «Біз сырқаттанып, төсек тартып жатқан Хасан Басридің көңілін сұрап келдік. Үй іші адамға лық толы. Ол аяқтарын жинаңқырап: «Біз де Әбу Һұрайра (р.а.) сырқаттанғанда, көңілін сұрап барған едік, оның үйі адамға лық толы еді. Ол аяқтарын жинаңқырап былай деді: «Расулалланың көңілін сұрап барғанымызда оның да үйі адамға лық толы екен. Ол бір қырындап жатқан болатын. Бізді көргенде, аяқтарын бауырына жинап, былай деді: «Менен кейін сендерге талай адам келеді. Олардың мақсаты – сендерден білім алу. Оларға «Кош келдіңіз!» деңдер, оларға сәлем беріңдер және білгендеріңді үйретіңдер». Хасан Басри былай дейді: «Уаллаһи, біз амандықсаулығы жоқ, білген ақылын айтпайтын небір адамдарды көріп өстік. Оларға жақындап кетсең, қабағынан қар жауып, жақтырмайтын!»

Алла елшісінің (с.ғ.с) ғалымдардың мәжілісіне қатысуға шақыруы

Абдуллаһ ибн Амр әңгімелейді: «Бір күні Алланың елшісі мешітте отырған екі топтың немен айналысып отырғанын бақылады. Бір топ Аллаға дұға етіп, зікір етуде еді, ал екіншісі дін негіздері мен құқықтарын үйреніп, басқаларға үйретуде болатын. Сонда Алланың елшісі: «Екі топ та қайырлы іспен айналысып отыр.
Біреулері Аллаға дұға етіп, одан жәрдем сұрайды. Алла қаласа, тілегенін береді, қаламаса, бермейді. Екіншілері әрі үйреніп әрі білмегендерге үйретіп отыр. Мен де ұстаз ретінде жіберілдім», – деді. Сосын діни негіздерді үйреніп жатқандардың қасына барып отырды».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.