Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Смайыл Сейтбеков Имамдарға дәріс оқыды

0 358

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шымкент орталық мешітінде «Ислам тарихы: талас-тартыс мәселелері» тақырыбында рухани танымдық діни семинары өткзілді.

Семинарға ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып, «Ислам тарихы: талас-тартыс мәселелері» тақырыбында имамдарға дәріс оқыды. Әділетті төрт халифаның өмір жолы мен түрлі кереғар ағымдардың шығу тарихы сынды өзекті тақырыптар қамтылды. Өте қызықты һәм тартымды өткен семинарды қатысушылар тапжылмай тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алды.

Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы Смайыл Сүйерқұлұлына алғысын айтып, ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында ұйымдастырылған рухани семинар қорытындысында қатысушыларға сертификат табысталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.