Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Тарауық намазы басталды

0 524

Бүгін – қасиетті айдың алғашқы түні. Яғни, айлардың сұлтаны болған Рамазан айы басталған түн.

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ел мешіттерінде тарауық намазы басталды.

Биылғы Рамазан өзге жылдардан өзгеше. Өзгешелігі де сонда карантиндік шектеулерден тарауық намазын оқи алмаған жамағаттың көңілінде биыл өте үлкен қуаныш бар. Ол – тарауық намазының мешіттерде емін-еркін оқылуы және бес уақыт намаз, ауызашар сияқты көпшілікпен атқарылатын іс-шараларда шектеулердің жоқты.

Осыған орай, елорда төріндегі алғашқы құлшылық ордасындағы “Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде тарауық намазы оқылып, хатым басталды.

Бас имам Руслан Байзақов жамағатты Рамазан айының келуімен құттықтап, қасиетті айдың мән-маңызына тоқталды. Жиналға елордалық ағайынды биылғы жылғы Рамазан айына орай мешітте өтетін іс-шаралар легімен құлағдар етті.

Жамағатпен мешітте оқылатын тарауық намазын сағынған жұртты тарауықтан кейін арнаулы бағыттарға қатынайтын автобустар үйлеріне жеткізіп салды.


 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.