Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Харам мешітіне рұқсатсыз кірушілерге айыппұл салынбақ

0 813

Бүгіннен бастап үлкен қажылық аяқталғанға дейін Меккегеді Харам мешітіне, оның айналасына және қасиетті қажылық орындарына рұқсатсыз кіруге әрекет жасағандарға 10 000 сауд риалы (2666 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады.

Қасиетті орындар қатарына Мина, Муздалифа және Арафат кіреді, егер қылмыс екі рет жасалса, айыппұл екі есеге көбейеді, деп хабарлады Сауд Арабия корольдігінің ішкі істер министрлігі. Министрлік барлық азаматтар мен тұрғындарды биылғы қажылық маусымында берілген нұсқаулықтарды орындауға шақырды және қауіпсіздік қызметкерлері өз міндеттерін заң бұзушылықтардың алдын алу және айыппұл салу үшін Харам мешіті мен қасиетті орындарға апаратын барлық жолдарда орындайтынын мәлімдеді. 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.