Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қостанай: Биыл 5 мешіт пайдалануға беріледі

0 783

Қостанай өңірінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бірнеше мешіт пайдалануға берілмек. Бұл туралы мешіт құрылысымен танысқан облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет хабарлады.

«Нақтылап айтатын болсақ, биыл өңірде 1 аудан және 4 ауылдық мешіттер пайдалануға беріледі. Мысалы, қысқаша тоқталсақ, Құсмұрын, Шербаков елдімекендерінде жаңа мешіт құрылысы аяқталып, жергілікті мұсылмандардың имандылық ордасына айналады. Сонымен қатар облыстағы Алтын Дала, Бөрлі, Обаған ауылдарындағы жұртшылыққа бұрыннан қызмет көрсетіліп келе жатқан мешіттер бүгінгі уақыт талабына сай толық күрделі жөндеуден өтіп, көпшіліктің игілігіне беріледі» дейді бас имам.

Сондай-ақ бас имам дін қызметкерлерімен кездесу кезінде атқарылған істердің сапасына, мешіттердің іші-сыртының тартымдылығына, сыйымдылығына айрықша көңіл бөлу керектігіне тоқталды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.