Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Құран байқауының жеңімпазы темір тұлпар мінді

0 109

Ақтау қаласындағы «Бекет ата» орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІ республикалық байқауы мәресіне жетті.

80 үміткер қатысқан байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, сауапты іс-шараға демеушілік жасаған Бахаридин Аблязимов, зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Аллаға сансыз шүкірлер болсын, жасынан Құран жаттаған қарилардың байқауын қорытындылап, марапаттап отырмыз. Осы байқауды өткізуге атсалысқан ҚМДБ ұжымы мен Маңғыстау облыстық өкілдігіне, қариларды бастап келген облыстардың бас имамдары мен барша дін қызметкерлеріне, сонымен қатар демеуші болған Бахаридин Нұғманұлына, Сәдуақас Олжабаев қариымыз бастаған әділқазы мүшелеріне алғысымды білдіремін. Байқауға қатысқан қариларымыздың бәрі жеңімпаз атанды деп санаймын. Өйткені бұл байқау әрбір қариға үлкен жігер сыйлады. Жүлделеріңіз құтты болсын» деді Бас мүфти марапаттау рәсімінде.

Сонымен қазылар алқасының шешімімен 4 аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінген қарилардың тізімі төмендегідей:

«Мәнерлеп оқу» бойынша:

І орын ( 1000 000 теңге) – Ерболат Шаудырбай (Қарағанды облысы)

ІІ орын (700 000 теңге) – Саламат Иманғалиев (Атырау облысы)

ІІІ орын (500 000 теңге) – Сұлтан Бегімов (Алматы қаласы)

«10 пара» бойынша:

І орын (1 500 000 теңге) – Махмұт Мырзахметов (Алматы қаласы)

ІІ орын (1 000 000 теңге) – Ахат Молдин (Қарағанды облысы)

ІІІ орын (750 000 теңге) – Абдуғани Мырзабек (Жетісу облысы)

«20 пара» бойынша:

І орын (3 000 000 теңге) – Нұрислам Ахметжанұлы (Атырау облысы)

ІІ орын (2000 000 теңге) – Айтхан Диас (Түркістан облысы)

ІІІ орын (1 500 000 теңге) – Абдулазиз Абдулбақи (Астана қаласы)

ІV орын (800 000 теңге) – Қасым Рузихан (Қарағанды облысы)

V орын (500 000 теңге) – Жұбан Әділқайыр (Алматы қаласы)

«30 пара» бойынша:

І орын (автокөлік) – Ниғматулла Әбдіәзімов (Алматы қаласы)

ІІ орын (3 000 000 теңге) – Рақымжан Мырзатай (Маңғыстау облысы)

ІІІ орын (2 000 000 теңге) – Нұртілеу Сейітқасым (Қарағанды облысы)

ІV орын (1 000 000) – Исламнури Игілік (Шымкент қаласы)

V орын (700 000) – Нұрмұхамед Лиров (Жамбыл облысы)

Еске сала кетейік, екі күнге созылған Құран байқауы «Munara TV» телеарнасынан тікелей эфирде және «Муфтият ҚМДБ» YouTube-арнасынан онлайн көрсетілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.