Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Діни сауат ашу курсы дәрістері онлайн түрде басталмақ

0 705

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңа оқу жылына орай Діни сауат ашу курсы дәрістері онлайн түрде басталып отыр. Дәрістер «Құран оқуды үйрену» және «Құран кәрімді жаттау» жүйесі бойынша жүргізіледі.

Еліміздегі пандемиялық жағдайға байланысты сабақтар Zoom қосымшасы арқылы онлайн түрде, сондай-ақ тегін өтетін болады. Шәкірттерге республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері – елімізге белгілі Құран білгірлері мен білікті ұстаздар сабақ береді.

Дәріске төмендегі байланыс нөмірлері бойынша алдын ала жазылу қажет. Құрметті жамағат, арабша тіл сындырып, қасиетті Құран кәрімнің нұрын сезінуге бастайтын сауат ашу курсының сабақтарына ынта-ықыласыңызды ұштап, топқа тіркелген күннен бастап ниет-талабыңыздан таймай, ұстаз дәрістеріне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз!

Ер адамдарға: +7 707 622 69 22 (WhatsApp)
Жандос Тәжімұратұлы

Әйел адамдарға: +7 701 144 24 32 (WhatsApp)
Динара Нұрғалиева

muslim.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.