Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қажыларға дайындық семинары өткізілді

0 739

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз елімізде қажылық мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс жасауды, қажылардың алдын-ала жүргізілетін дайындық жұмыстарын пысықтауды  тапсырған болатын.

Осыған орай, ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан Есмахан мен ҚМДБ-ның Қажылық бөлімінің меңгерушісі Салқынбаев Айдар Алматы қаласындағы «Әл-Мәдина» мешітінің қарамағындағы қажылық орталығында қажылармен арнайы семинар өткізді. Семинар барысында қажыларға қажылықтың жөн-жоралғылары жайында дәріс жүргізіліп, Қағба, Нұр тауы, Арафат тауы және т.б. қасиетті орындардың макеттерін көрсету арқылы іс жүзінде қажылықтың рәсімдері түсіндірілді.

Биылғы жылдан бастап бұл орын тұрақты қажыларымызды дайындау орталығына айналады деп жоспарланып отыр. Рамазан айынан кейін қажыларды оқыту графигін құру және дайындықты бастау көзделуде. Орталықтың ұстазы болып «Әл-Мәдина» мешітінің наиб имамы Кертаев Бағлан бекітілді.

 
 muftyat.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.