Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елімізден қанша адам қажыға баратыны белгілі болды

0 443

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Биыл Сауд Арабиясына қажылыққа 3000 қазақстандық аттанады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Сауд Арабиясы тарапынан 3000 орынға квота бөлінді. Қазақстандық қажыларды 18 компания апарады. Өтініш бергендердің қатарына 16-89 жас аралығындағы азаматтар бар. Кәмелетке толмағандар ата-аналарымен бірге барады. Бүгінгі таңда 1500-ге жуық адамның визасы дайын», – деді ҚМДБ өкілі Нұрқанат Байзақов.

Оның айтуынша, биылғы қажылықтың ерекшелігі – бірыңғай киім киетіндігінде.

«Бұрын 18 компания 18 түрлі киіммен апаратын. Енді биыл киім бір, тек киімдегі логотип қана әртүрлі болады», – деді Н.Байзақов.

Биыл қажылық сапарының құны 4400-5000 АҚШ доллары шамасында.

«Қажылық сапарының құны көрсетілетін сервиске, тамаққа, қонаүйдің алыстығы мен жақындығына байланысты болады»,- деді ол.

Қажылар қасиетті орындарға отандық Scat және Сауд Арабиясының Fly Nas әуекомпанияларының ұшақтарымен жетеді.

Биыл рейстер Алматы, Астана, Ақтау және Шымкент қалаларынан ұшады.

Қажылардың алғашқы легі Қазақстаннан 8-9 тамызда шықса, елге 1 қыркүйекке дейін оралуы тиіс.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.