Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АЙТ МЕЙРАМЫ – ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРМЕН ЖАЛҒАСТЫ (ФОТО)

0 1  356

5-маусым. Sunna.kz – Ораза айт мерекесіне орай, мешітімізде ұлттық ойындардан жарыстар өтті.

ҚМДБ-ның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша өкілдігінің тапсырмасымен, Ораза айт мейрамына орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұлттық спорт ойын түрлерінен мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ел мешіттерінде бастау алған игі шара айттың бірінші күні Елорда мешіттерінде  дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Мерекелік іс-шаралар аясында өткізілетін жарыста ұлттық ойын түрлерінен сайыстар өтті. Атап айтсақ, асық ату, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес қатарлы спорттық ойын түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылып, өткізілген әр номинация бойынша жеңімпаздар марапатталды.  Жеңімпаз атанған азаматтарға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің  атынан бағалы сыйлықтар табыстады.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.