Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Күн 04:28
Бесін 12:26
Екінті 17:46
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Басты бет / Діни мерекелер күнтізбесі

Діни мерекелер күнтізбесі — 2026

1447–1448 һижра жылдарындағы айт мерекелері, қасиетті түндер мен айтулы күндер. Күндер ай күнтізбесіне байланысты ҚМДБ хабарламасы бойынша нақтыланады.

Ең жақын мереке

Мәуліт

24 Тамыз 2026, дүйсенбі · 11-ден 12 рабиғул әууәлге қараған түн, 1448 һ.ж.
26күн
21сағат
57минут

☾ Ислам күнтізбесі ай фазаларына негізделгендіктен, кейбір күндер 1 күнге ауысуы мүмкін. Айт намаздарының нақты уақыты мерекеге бір апта қалғанда жарияланады.

Қаңтар
16 қаң

Миғраж түні Қасиетті түн

26-дан 27 ережепке қараған түн, 1447 һ.ж.

Пайғамбарымыздың ﷺ Меккеден Иерусалимге түнгі сапары және көкке көтерілуі еске алынатын түн. Бес уақыт намаз осы түні парыз етілген.

Ақпан
3 ақп

Бараат түні Қасиетті түн

14-тен 15 шағбанға қараған түн, 1447 һ.ж.

Күнәлардан тазарып, дұға жасалатын түн. Түнде нәпіл намаз оқып, ертеңіне ораза ұстау абзал.

19 ақп

Оразаның басталуы Айтулы күн

1 рамазан 1447 һ.ж.

Парыз ораза айының алғашқы күні. Мешітте тарауих намазы күн сайын құптаннан кейін оқылады.

☾ Тарауих намазы — күн сайын құптаннан кейін
Наурыз
16 нау

Қадір түні Қасиетті түн

26-дан 27 рамазанға қараған түн, 1447 һ.ж.

«Мың айдан қайырлы» түн — Құран түсе бастаған қасиетті түн. Мешітте түнгі ғибадат пен хатым дұғасы жасалады.

20 нау

Ораза айт Айт

1 шәууал 1447 һ.ж.

Рамазан оразасының аяқталу мерекесі. Айт намазы, пітір садақасы және мерекелік дастархан.

Мамыр
26 мам

Арафа күні Айтулы күн

9 зүлхижжа 1447 һ.ж.

Қажылардың Арафат тауында тұратын күні. Қажылыққа бармағандарға осы күні ораза ұстау абзал.

27 мам

Құрбан айт Айт

10–12 зүлхижжа 1447 һ.ж.

Құрбандық шалу мейрамы, үш күнге созылады. Айт намазы, құрбан шалу және мұқтаждарға ет тарату.

Маусым
16 мау

Хижра жыл басы — 1448 Айтулы күн

1 мұхаррам 1448 һ.ж.

Жаңа һижра жылының басталуы. Мұхаррам — Құранда аталған төрт қасиетті айдың бірі, ораза ұстау сауапты ай.

☾ Мешітте арнайы уағыз — 16 маусым, бесін намазынан кейін
25 мау

Ашура күні Айтулы күн

10 мұхаррам 1448 һ.ж.

Көптеген пайғамбарлар өміріндегі елеулі оқиғалар болған күн. 9–10 мұхаррамда нәпіл ораза ұстау абзал.

Тамыз
24 там

Мәуліт Айтулы күн

11-ден 12 рабиғул әууәлге қараған түн, 1448 һ.ж.

Мұхаммед пайғамбардың ﷺ дүниеге келген күні. Мешітте Құран оқылып, дәріс өтіп, жамағатқа дастархан жайылады.

☾ Мәуліт кеші — 24 тамыз, ақшам намазынан кейін
Желтоқсан
11 жел

Рағайып түні Қасиетті түн

ережептің алғашқы жұма түні, 1448 һ.ж.

Үш айлардың (ережеп, шағбан, рамазан) басталуын білдіретін түн. Рамазанға рухани дайындық кезеңі басталады.