Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мешіттің тарихы, қызметі және ұжымы.
Елордада орналасқан «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті — еліміздегі тарихы тереңде жатқан мешіттердің бірі. 1943–1944 жылдары Ақмолалық жамағат Құсайын атты азаматтың шағын үйін сатып алып жөндеп, Ақмола өңіріндегі ең алғашқы мешітті ашты. Бұл орын жарты ғасырдан астам жергілікті мұсылмандардың діни-рухани орталығы болып қызмет етті.
Егемендік алғаннан кейін ескі мешіт ауласында жаңа құлшылық ордасы 1991–1996 жылдар арасында салынып, Елордадағы алғаш мешіт ретінде тарихқа енді. 2005 жылы оған 20 жыл Қазақстан мұсылмандарының қазиі болған Сәдуақас қажы Ғылманидың аты берілді. Бүгінде 42 метрлік мұнарасы мен бес күмбезі бар бұл ғимарат Астананың рухани орталықтарының бірі әрі сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі.
Sunna.kz — мешіттің ресми жаңалықтар порталы: намаз кестесі, іс-шаралар анонсы, уағыздар, имамдардың жауаптары және жамағатқа арналған хабарландырулар.
Бес уақыт және жұма намаздары, айт намаздары, тарауих.
Құран оқу, тәжуид, ислам негіздері — балалар мен ересектерге тегін.
Шариғат бойынша неке қию рәсімі және отбасылық кеңес беру.
Зекет пен садақаны мұқтаждарға жеткізу, азық-түлік акциялары.
Имамдарға сұрақ қою үшін қабылдау уақытында мешіт кеңсесіне хабарласыңыз.
Ұжым туралы ақпарат жақында жарияланады.