Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Аналар мектебі» – қайырымды!

0 1  252
21-қаңтар. Астана. SUNNA.KZ – ҚМДБ Астана бойынша өкілдігінің тапсырмасы аясында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
ҚМДБ-нің төрт басым бағыттарының бірі – бұл қайырымдылық шаралары. Осындай ізгі бастама негізінде,  Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен және мешіт жанынан құрылған ҚМДБ Қыздар секторы,  «Аналар мектебі» клубының демеушілігімен көп балалы, жалғыз басты, жағдайы төмен он отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді.

Аталмыш ізгі шара барысында, қайырымдылық жұмыстарына жауапты, наиб имам Әділ Агитаев және «Аналар мектебі» клубының жетекшісі, әйелдер жамағатының ұлағатты ұстазы Әлия Аусағатова елордалық көмекке зәру отбасыларына қайырымдылық пәкеттерін үлестірді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.