Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Шыбын шешкен тағдыр

0 1  238

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Салман әл-Фариси күндердің бір күні Пайғамбардан (с.ғ.с.) естіген бір оқиғаны есіне алып отырып:

– Бір шыбын себепші боп бір адам жәннатқа, ал кесірінен бір адам да тозаққа түсіпті, – дейді. Жиналып отырған жамағат таң қалып:

– Шыбын қалайша жәннат пен тозаққа себепші болады, – деп сұрайды. Сонда Салман әл-Фариси мына оқиғаны баяндап береді.

Жолаушы екі адам пұттарға табынатын адамдарға кезігіп қалады. Әлгі екі адамға біздің пұттарға сыйлық бермесеңдер немесе құрбандық шалмасаңдар сапарларыңды жалғастыра алмайсыңдар дейді. Жолаушының бірі «беретін еш нәрсем жоқ» деп жауап берді. «Бір шыбын болса да жеткілікті» дейді. Жолаушының бірі құрбандық ретінде ұшып жүрген шыбынды ұстап өлтіреді. Мұны жасаған құрбандығы үшін «сапарыңды жалғастыра бер» деп рұқсат береді. Екінші жолаушыға қарап «сенде бір шыбын құрбандыққа шалсаң болады» дейді.  Екінші жолаушы «жаратушы Алладан басқаға құрбандық шалмаймын» деді. Мұны естіген пұтқа табынушылар жолаушының басын шауып тастады. Бірінші жолаушы пұтқа шыбын шалды, Алладан басқаға құрбандық шалғаны үшін тозақтық болды. Ал екінші жолаушы Алладан басқаға құрбандық шалмаймын деп жәннаттық болды дейді.

SUNNA.KZ

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.