Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әр жұма «Дәлел дәйектермен намаз оқу үлгісі» кітабынан дәрістер өтеді

0 589

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Намаз – иманның басы, діннің тірегі, мұсылмандардың миғражы. Қасиетті Құран Кәрімде былай дейді: «Шын мәнінде, намаз барша азғындықтан, жағымсыз мінез бен жат әдеттен арылтады. Үнемі Алланы еске алып жүру – құлшылықтардың ең ұлысы». («Анкәбут» сүресі, 45-аят) Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да хадистерінің бірінде, адамның рухани таза болуына намаздың маңызды екендігін былай жеткізеді. Ол (с.ғ.с.): «Сендердің араларыңнан бір адамның есігінің алдында өзен ағып, ол сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол адамда кір қала ма?» – деп сұрағанда, сахабалар: «Жоқ қалмайды», – деп жауап қайырады. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.) сөзін былай өрбітті: «Судың кірді тазалайтынындай бес уақыт намаз да күнәларды тазалайды». (Бухари, Мауақит,6.) Алайда, біз осы намазды қалай оқып жүрміз? Қазір осындай ғибадатты орындау тәртібіне байланысты түрлі пікір қайшылықтарына жол беріп жүргеніміз жоқ па? Хаким Абай «Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды» дейді. Сондықтан да әр бір мұсылман өзінің Аллаға жасап жатқан ғибадат-құлшылығын дұрыс жасау үшін әрине ғалымдардың ғылыми дәйектеріне сүйенгені абзал болмақ.

Осындай игі ниетпен, мешіт жамағатының ғибадат-құлшылығын арттыру мақсатында, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың бастамасымен әр қасиетті жұма күні намаздан кейін бірден «Дәлел дәйектермен намаз оқу үлгісі (ханафи мәзһабы бойынша)» кітабыннан тұрақты түрде дәрістер өтеді. Алғашқы дәрісті өткен жұма наиб имам Әділ Агитаев бастады. Аталмыш «Дәлел дәйектермен намаз оқу үлгісі (ханафи мәзһабы бойынша)» кітабы ҚМДБ cараптау комиссиясы мақұлдаған еңбек. Алда дәрісті «С.Ғылмани» мешітінің исламтанушы мамандары жүргізеді. Әр жұма сайын тағылымды дәрістен қапы қалмаңыздар!

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметімін

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.