Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда мешіттері қалалық сенбілікке қатысты (ФОТО)

0 363

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Бүгін еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында сенбілік шарасы болып өтті. Бас шаһардағы тазалық науқанына Елорда мешіттері де белсене атсалысып, құлшылық ордаларының маңы түгелдей тазартылды. Сондай-ақ, мешіт ғимараттарының ішіне де тазалық жұмыстары жүргізіліп, кем-кетіктері жөндеуден өтті.

Қала бойынша өткен сенбілік жұмысына мешіт имамдарының ұйытқы болуымен шәкірттер қауымы мен мешіт жамағаты белсене атсалысып, құлшылық ордаларының күзгі көрінісіне көрік қоса түсті. Жер бетіндегі Алланың үйі – мешітке деген құрмет пен сүйіспеншіліктің үлгісін ісімен көрсетіп, тазалық жұмыстарына білек түре кіріскен имамдар әрекеті сенбілікке қатысқан жамағаттың ыстық ықыласын тудырды.

Дереккөз: Muslim.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.