Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: ЖЫЛДЫҚ ЕСЕПКЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ (ФОТО)

0 223

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Елордада Бірінші наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен ҚМДБ-ның кеңейтілген Төралқа мәжілісіне дайындық жұмысы талқыланды.

Жиынға наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, сонымен қатар ҚМДБ бөлім басшылары қатысты.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Діни басқарманың жыл соңында кеңейтілген Төралқа мәжілісі өтеді. Дәстүрге сай, облыстың бас имамдары есеп береді. Біз осынау айтулы шараға үлкен дайындықпен баруымыз керек. Сондықтан, Төралқа мәжілісіне қатысты құжаттарды пысықтап, бұл іс-шараға аса мән беруіміз тиіс. Ең алдымен есеп беру тәсіліне тың идеялар қажет», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосуда ҚМДБ бөлім басшылары есеп беру шарасына қатысты өз ұсыныстарын білдіріп, бірқатар құжаттардың жобасын ұсынды.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.