Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.Ғылмани» мешіті Қарттар мен мүгедектер үйіне айттап келді (фото)

0 1  934

3-қыркүйек. Астана. Sunna.kz – Мешіт ұжымы қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, қарттар мен мүгедек жандарға рухани және материалдық көмек көрсетті.

ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің тапсырмасымен, қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар қари Өсерханұлы және найб имам Әділ қажы Сахиұлы бастаған мешіт ұжымы Астана қаласындағы «Қарттар мен мүгедектер» үйіне арнайы айттап барды. 50-дей адамға айт дастарқанын жайды.

Мерекелік іс-шаралар аясында жайылған дастарқан басында, бір өзі имамдық міндетімен шектелмей ҚМДБ-на қарасты имамдарымыздың арасындағы дәулескер домбырашы Әділ Агитаев күмбірлі күй төкті. Sunna.kz  діни-танымдық ақпараттық порталының кызметкері дәстүрлі ән шырқап, баян мен домбыраның үнін шебер үйлестірген Елнұр мен Әділет неше түрлі ән құйқылшытып,  ондағы тағыдырдың ауыр тауықыметін тартқан азаматтардың бір сәтке болсын көңілін серпілтіп тастады. Мекемінің қызметкерлері және сондағы тұрғындар жақсы кешке куә болып, мерекелік шаттыққа бөленді.

Кеш соңында, Бас имам қарттар мен мүгедек жандарға жылы лебізін білдіріп, ас қайырды. Айт дастарқанына жиналған жұртшылықтың жүздерінде жұбаныш, көңілдеріндегі қуаныш айтқан алғыс тілектерінен білініп жатты.

Аталмыш мерекелік үрдіс жыл сайын өз жалғасын тауып келе жатқан игі бастама екендігін тағы да естеріңізге сала кеткенді жөн көрдік.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.