Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ-30: Министр 30 жылдық мерейтоймен құттықтады (ФОТО)

0 110

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

14 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Бас мүфти Серікбай қажы Оразға құттықтау хат жолдады. ҚМДБ қызметкерлерін 30 жылдық мерейтойымен құттықтаған Дәурен Әскербекұлы өзінің игі тілегі мен ниетін жеткізген muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Сізді өзіңіз басқарып отырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толуымен құттықтаймын!

Бүгінде Діни басқарма жұртшылықты жақсылыққа үндеп, иманды істерге ұйытқы болып, еліміздің мұсылман жамағатының ынтымақ-бірлігін сақтауға орасан қызмет атқаруда. Алдағы уақытта да ел ертеңі үшін ортақ мүдде жолында табандылықпен жұмыс жасай беретіндеріңізге сенемін.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының халық арасында жауапкершілігі мен сауабы мол рухани қызметіне зор жетістіктер мен толағай табыстар тілеймін!» делінген министрдің құттықтау хатында.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.