Дәреті бұзылмаған жағдайда адам қанша намаз оқығысы келсе, сонша намазын оқи алады. Алайда әр намаздың алдында дәретті қайтадан алып отыру сүннет болып табылады.
Сүлеймен ибн Бурайд келтірген хадисте былай айтылған:
Бұл хадис бір алынған дәретпен парыз және қосымша намаздарды да оқуға болатындығына дәлел болады.
Ал Омардың (оған Алла разы болсын) «Сен бүгін осы күнге дейін жасамаған нәрсені жасадың ғой» дегені, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлмі болсын) осы жағдайда артық көрген ұнамды әрекетінен бас тартқанын және Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әр намаздың алдында дәрет алып отырғандығын көрсетеді.
Ал Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Мен мұны әдейі жасадым» деген сөзі мұның нақты дәлелі.