Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС ИМАМ ҮКІЖАН АПА СӘДУАҚАСҚЫЗЫНА СӘЛЕМ БЕРІП ҚАЙТТЫ (фото)

0 1  400

Ислам дінінің ізгі амалдарының бірі – қарияға ізет білдіріп, көңілін сұрау. Міне, осындай игі өнегені ту еткен, Нұр-Сұлтан қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Бауыржан Есмахан Үкіжан апа Сәдуақасқызының үйіне арнайы барып, сәлем беріп қайтты.

Қазақстандағы Ислам діннің көркеюіне өлшеусіз еңбек сіңірген дін қайреткері, қази Сәдуақас қажы Ғылманидың төл перзенті, бүгінде ғасыр жасап отырған сүйегі асыл, көргені мол кейуана Үкіжан апа қызметке жаңа тағайындалған Бауыржан Әбдірашұлына өмірде көрген-түйгенін, әкесі Сәкен қалпенің (Сәдуақас ақсақал) дін жолындағы қажырлы істерінен сыр шерте отырып, ақыл-кеңесін айтты. Сондай-ақ, қызметіне мол табыс тілеп, ақ батасын берді. Және Бас имамға кейуана тәбәрік сый ретінде көнеден сақталған Құран кітап силады.

Бұл күнде Елордалықтардың ең көп жүретін сауда орталықтарына жақын орналасқан мешіт  – Сәдуақас қажы Ғылмани қазидың атымен аталып келеді. Көп жылдар қазиятты басқарған дін ғұламасы осы мешітте өзі де қызмет атқарған болатын. 

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.