Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Отбасы құндылықтарына арналған семинар өтті

0 534

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Әйелдер-қыздар секторына қарасты Аналар мектебінің ұйымдастыруымен «Әйелдің отбасындағы рөлі және бала тәрбиесі туралы» семинар өтті.

Отбасы құндылықтарына арналған семинарға Хазірет сұлтан мешітінің ұстазы Нұргүл Әлиханқызы мен мешітіміздің ұстазы Көксеген Айгүл қатысып, отбасындағы әйелдің маңызы, орыны, рөлі мен міндеттері, бала тәрбиесі жайында баяндама жасады. Ұстаздар отбасы туралы қазақтың дәстүрлі мектебі мен дініміздегі отбасы мәселелерін қабыстыра сөз етті.

Қатысушылар ұлттық дәстүріміз бен Исламдағы отбасылық құндылықтар жайында тұщымды мәліметтер алды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.