Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Разылық құлшылығы» дегеніміз қандай құлшылық?

«Разылық құлшылығы» дегеніміз қандай құлшылық?

0 16

Разылық құлшылығы дегеніміз – қандай жағдай болмасын, шүкіршілік етіп, қадірін біліп, барлығына ие болуға лайықты екенімізге толықтай сенуіміз. Қандай қиындық болмасын, біз – есепсіз нығметтердің иесіміз. Разылық құлшылығы арқылы күнде көріп, көз үйреніп кеткен, біз байқамай жүрген нығметтерге деген көзқарасымызды өзгертуіміз қажет. Әр таңымызды жаңарып отыратын нығметтер сәті ретінде қарсы алып, қолдағы барға риза болуымыз керек. Шүкіршілік пен разы болу бізді ешқашан кедей қылмайды. аншама қиындықтарға қарамастан, разы болған күйде күлімсіреп жүру – ұлы құлшылық.

Бұл құлшылық періштелердің тәсбихі секілді, себебі оның шегі жоқ. Егер осыны өзімізге әдет қылып алсақ, қай уақытта, қай жерде болмасын құлшылық еткендердің қатарынан боламыз.

Разылық құлшылығы – бойымызды шайтан билеп, барлығына шағымдануға итермелеген кезде, өзімізді ұстап, үнсіздікке тоқтау.

Разылық құлшылығы – Құдіретті Аллаға тәуекел етуді үйреніп, жағымсыз жағдайларға энергия мен уақытымызды құртып, ренжудің орнына, оны өзгертуге тырысу. Разылық құлшылығы – еш өкпесіз, наразылық айтпай, қазіргі жағдайымызға рахаттанып, алға қойған мақсаттар үшін жоспар құрып, соған сай табанды түрде жұмыс жасау.

Разылық құлшылығы – өткенді өзгерте алмайтынымызды, алайда оған деген көзқарасымызды өзгерту өз қолымызда екенін түсіну.

Разылық құлшылығы – Алла мен оның Елшісі жақсы көрген ұлы құлшылық.

Айша (Алла оған разы болсын) былай деді: «Бір күні Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) маған келгенде жерде жатқан нанның үзімін көрді. Ол оны көтеріп, сүртіп, содан кейін жеп: «Айша, Алланың берген жақсылықтарына құрметпен қара. Егер олар халықты тастап кетсе, ешқашан қайта оралмайды» (Ибн Мәжә риуаяты).

материал Аслан Орақбайдың «Хәл» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.