Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ықылас сүресіндегі кереметтерінің бірі ашылды

0 13  860

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Ықылас сүресінің кереметтерінің бірі туралы Түркияның Анкара университетінің студенті Юсуф Керкукли өзінің ғылыми дәйектерінде былайша түсіндіреді. Ол Ықылас сүресін қайта-қайта мұқият зерттеп, онда кездесетін араб әріптерінің тәртібіне назар салған.

Яғни, аталмыш сүре 48 әріптен тұрғанмен, қолданылған әріптер саны – 13. Әрі олар төмендегідей қайталанып отырады:

ق  – 1

ل  – 13

هـ  – 4

و  – 5

ا  – 6

ح  – 2

د  – 5

ص  – 1

م  – 4

ي  – 3

ك  – 2

ن  – 1

ف  – 1

Зерттеуші шәкірт осы 13 әріпті сүреде орналасқан тәртіппен жоғарыдан төмен қарай орналастырады да, горизантал бағанда осы әріптердің қайталанған санын нүктелермен белгілейді.

Сонда ерекше бір график түзіліп шығады. Әріптер мен сандардың арасында бірнеше нүктелер пайда болады. Ол осы нүктелерді бір-біріне қосқанда шыққан диаграмма араб тілінде «Алла» сөзі болып шығады.

Расында бұл сүреде Алла мен Оның бірлігі туралы баяндалған.

بِسْمِ ٱللَّهِ ٱلرَّحْمَٰنِ ٱلرَّحِيمِ

قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ – 1

اللَّهُ الصَّمَدُ – 2

لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ – 3

وَلَمْ يَكُن لَّهُ كُفُوًا أَحَدٌ – 4

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

  1. (Мұхаммед) Айт: Ол, Алла Ахад (Жалғыз).
  2. Алла – Самад (мұқтажсыз, ал барлық жаратылыс Оған мұқтаж)
  3. Ол тумады да туылмады.
  4. Әрі Оған ешкім тең емес.

Он төрт ғасыр, тіпті он төрт мың ғасыр өтсе де ақиқат қашанда ақиқат күйінде қала бермек. Хақ Тағаланың Барлығы және Бірлігін айғақтайтын айқын белгілер мен ғылыми дәлелдер әлі де шыға бермек.

С.Ибадуллаевтың «Алла Тағаланың мұғжизалары»

кітабы бойынша әзірлеген – Б.МЫРЗАҚҰЛ

azan.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.