Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Адамдарды ғибадаттан мезі қылма

Адамдарды ғибадаттан мезі қылма

0 54

Бірде бір кісі Пайғамбарымызға (с.ғ.с) келіп:

– Иә, Алла Елшісі! Пәленше намазды созып жіберетіндіктен таң намазына келе алмаймын, – дейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өңі бұзылып былай дейді:

– Уа, адамдар! Сендердің араларыңда адамдарды қашыратындар бар екен. Имамдыққа шыққанда қысқалау оқыңдар!

Кейбір адамдар жамағат намаздарында қырағатын созып адамдарды жалықтырып жібереді. Біреулер даусынан мезі болып, біреулер намаздың созылғанынан мезі болып, жамағаттың ығыры шығып кетеді.

Жамағатта дәреті қысылған біреу, шаршап қалатын қарт кісілер, жұмысқа асыққандар мен сұранып келгендер де болады. Оқығыш болсаң, ұзақ түн бар. Түнде тәһәжудке тұр да, қалағаныңша оқи бер. Алладан қорық! Адамдарды ғибадаттан мезі қылма!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.