Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Ене мен келін қатынасы» атты дөңгелек үстел өтті (ВИДЕО+ФОТО)

0 217

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

15 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде «Ене мен келін қатынасы» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Мешіттің Әйелдер-қыздар секторы мен Аналар мектебінің ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде қазақ қоғамындағы ене мектебі, келін мектебінің тарихи тәжірибелері жайында сөз қозғалып, бүгінгі қоғамға қажетті құндылықтар тілге тиек етілді.

Іс-шараға елордалық енелер мен келіндердің өкілдері, мешіт шәкірттері, психолог мамандар мен мешіт ұстаздары қатысты.

Мешітіміздің ұстазы Серікбол Хаман арнайы қатысып, тақырыптың маңыздылығы жөнінде беташар сөз сөйлеп, дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тіледі.

Бағдарламасы аясында Әйелдер-қыздар сауат ашу бөлімінің ұстазы Айгүл Көксегенге «Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» тақырыбндағы ойларын шариғи білімдермен сабақтастыра отырып жеткізсе,  Тазагүл Иманқұлова «Қазақ енелерінің келін ұстау мәдениеті» деген тақырып аясында қазақ келіндерінің оң жақта ғана емес, келген жеріндегі тәрбиесі, салихалы ене институты жайында ой қозғады.

Қадырменді зейнеткер, тәжірибелі ене Зейнегүл Абдықадырқызы «Келінге кеңес» тақырыбында ой ортақтастыра, психолог маман Алима Қасымова «Ене мен келін арасындағы заманауи құндылықтар» тақырыбында қазақтың отбасылық институтының сабақтастығын сақтай отырып, заманауи құндылықтардың мүмкіндігін де пайдаға асыру туралы сөз қозғады.

Сірге жияр сөз кезегінде мешіт жанындағы Аналар мектебінің жетекшісі Әлия Аусағатова «Анаңа қаламағанды енеңе жасама» деген тақырыпта мұсылман әйелдің бекзат бір болмысын баяндап берді.

Іс-шараның соңында қатысушыларға дастархан жайып, тақырыптың қалған түйіні қазақы дәстүрмен дастархан басында талқыланды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.