Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Әйел-қыздар секторы апатты аймақтарға көмек көрсетті

0 1  016

Мүфтият тапсырмасы аясында еліміздегі су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек көрсетуге Әйел-қыздар секторы да атсалысты.

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиеваның айтуынша, мүфтиятқа қарасты мешіттердің әйел ұстаздары мен ерікті жамағаты күн сайын Құран Кәрімді толық оқып, ел амандығы үшін дұға жасауда. Сондай-ақ күні бүгінге дейін әйел жамағатының қолдауымен 10 миллион теңге жиналып, су апатынан зардап шеккен аймақ тұрғындарына жолданды. Одан бөлек сектордың әр өңірдегі өкілдіктері, әйел ұстаздардың ұйытқы болуымен 55 тонна гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жөнелтілді.

«Тілсіз жаудан зардап шегіп жатқан отандастарымызға жөнелтілген гуманитарлық көмекте киім-кешектер, дәрі-дәрмек, әйелдерге қажетті заттар, көрпе-төсек, ыдыс-аяқ, балаларға арналған ойыншықтар мен тәттілер бар. Рамазан кезінде ауызашар мен кешкі ас, айт күні қонақ асы берілді» дейді Динара Құтқожақызы.

Айта кетейік, судың беті қайтқанша елмен бірге дін қызметкерлері, оның ішін де әйел ұстаздар мен жамағаты да қызмет ете бермек. Ерікті әйел жамағаты қоғамдық іске жұмылдырылып, бөгеттер тұрғызуға да көмектескенін айта кеткен жөн.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.