Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елбасы жаман аурумен күреске қыруар қаражат бөлді

0 318

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

18 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚР Тұңғыш президент қоры коронавируспен күреске 200 млн теңге бөлмек, деп хабарлайды elbasy.kz порталына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі. 

Аталған қаражат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша бөлініп отыр.

Қазіргі таңда Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар толық көлемде іске асырылып жатыр. Олардың бәрі қазіргі заманға сай, сондықтан қазіргі жағдайға жауап бере алады. Мемлекет бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдауда. Қауіпті вируспен күресте отандық бизнес те өз үлесін қосуда. Мен бұл бастаманы жан-жақты қолдауға шақырамын, әлеуметтік жауапкершілікті көрсете отырып, біздің қоғамның бірлігін көрсетуіміз керек. Біз бұл сынақтан абыройлы түрде өтеміз. Біз біргеміз!, – делінген Қазақстан тұңғыш президентінің бұйрығында.

Бөлінген қаражат Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына тең бөлініп беріледі.

Қаржылай көмек пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне сыйлыққа, қосымша медициналық бетперде алуға және дезинфекциялық құралдар алуға жұмсалады. Сонымен қатар, ақашаның бір бөлігі балалар үйі мен астанадағы мамандандырылған ауруханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталады.

Сонымен қатар, Қор басшылығы 50 мың медициналық масканы Нұр Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасына тапсырды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.