Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

0 149

Астанада өткен Мәуліт кешінде ҚМДБ ұйымдастырған «Дін мен дәстүр» республикалық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары анықталды. Жеңімпаз ақындарды Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттады.

ҚМДБ Төрағасы мүшәйра жеңімпаздарын құттықтап, жыр додасына қатысқан ақындарға алғыс айтты. Мүшәйра қорытындысы бойынша, жүлделі бірінші орынды Әлібек Шегебай (Алматы қаласы) иеленді. Ақынға ұмра қажылыққа жолдама берілді.

Жүлделі екінші орынға (200 мың теңгеден) Бекжан Әшірбаев пен Бауыржан Әліқожа (екеуі де Алматы қаласы) ие болды. Үшінші орынға (150 мың теңгеден) Рауан Қайдар мен Салтанат Төребекқызы (екеуі де Астана қаласы) лайық деп танылды. Сондай-ақ 5 адамға 70 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы берілді.

Ынталандыру сыйлығына Рауан Қабидолдин (Астана қаласы), Марлен Ғилымхан (Орал қаласы), Ерзат Төлеш (Ақтау қаласы), Әмина Адайхан (Алматы облысы) және Заңғар Сәтберген (Жамбыл облысы) ие болды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.