Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешіт мұқтаж жандарға көмек берді (ФОТО)

0 174

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

5 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде төтенше жағдайға байланысты арнайы қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды  sunna.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен басталған «Біз біргеміз» акциясы аясында ел мешіттері мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, бір бас, бір тас сияқты елдіктің тұтастығы мен ағайынның бірлігіне өзіндік үлес қосуда.

Көлемді шара аясында «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті бас имамы Бауыржан Есмахан, наиб имам Әділ Агитаев бастаған мешіт ұжымы төтенше жағдай кезіндегі мұқтаж отбасыларға өз қолдарымен азық-түлік жеткізіп берді. 

Шара аясында көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтыған 13 отбасына төтенше жағдай кезіндегі аса керекті азық-түлік (ұн, күріш, су май, қант, т.б.) үлестірілді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.