Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«QMDB Halal» логотипі патенттелді

0 1  173

7 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-на тиесілі «QMDB HALAL» логотипі заң аясында патенттелді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Патент – мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапқыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.

Заңгерлер жүргізген жұмыстың нәтижесінде «QMDB HALAL» логотипі стандарттау және сертификаттаумен айналыстан «Халал Даму» органының төл таңбасы деп танылды.

2014 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған «Халал Даму» ұйымына тиесілі «QMDB HALAL» таңбасы жасыл-сары түсті, ұлттық ою-өрнектермен өрнектелген, латын әріптерімен «QMDB HALAL» деп таңбаланған.

Бұдан былай, «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланушылар заңдық тұрғыда ҚР азаматтық кодексінің ерекеше бөліміне, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық және ҚР патент туралы заңдарына сәйкес құқықтық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз.
«QMDB HALAL» таңбасын ресми түрде сертификаттаудан өткен, өндірісі мен өнімдері мамандар тарапынан тексерілген, зертханалық және бақылау-қадағалау шаралары орындалғаннан кейін, «Халал Дамудың» бекітілген 3 стандарты негізінде сертификатталған кәсіпорындар ғана заңды түрде қолдануға құқылы.

Алдағы уақытта, «QMDB HALAL» таңбасын заңсыз пайдаланған кәсіпорындар мен жеке тұлғаларды анықтаған болсаңыз, міндетті түрде бізге хабарлауыңызды сұраймыз!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.