Жұма, 2 қазан 2026 ж. 21 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:45
Күн 06:11
Екінті 16:01
Ақшам 17:55
Құптан 19:21
Жаңалықтар

Сеулде Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылады

12 там 2021 1 558 рет оқылды
Сеулде Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Абай ескерткішін ашады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ескерткіштің ашылу рәсімі 16-17 тамызда Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында өтеді.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеул қаласында Абай ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған", - делінген жазбада.

Сапар аясында екі ел президенттері келіссөздері жасайды деп жоспарланған.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Сеулге сапары аясында Кореяның ірі компанияларының басшыларымен, белгілі саяси қайраткерлермен кездесулер өткізеді. Қазақстандағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар коммерциялық келісім-шарт жасалады деп жоспарланған.

 Tengrinews.kz 

#Абай құнанбайұлы #Сеул #Қасым-Жомарт Тоқаев