Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда қариларының арасында Х республикалық Құран Кәрім жарысының іріктеу сайысы өтеді

0 715

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен 25 тамыз күні «Aqmeshit» мешітінде елорда қариларының арасында Х республикалық Құран Кәрім жарысының іріктеу сайысы өтеді.

Бекітілген ереже бойынша үміткерлер жылдағыдай «30 пара», «20 пара», «10 пара» және «Мәнерлеп оқу» аталымдары бойынша сынға түседі. Іріктеу сайысының жүлдегерлеріне қаржылай сыйлықтар беріледі.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар: 

– үміткер ҚР ер азаматы болуы тиіс;
– үміткердің 30 жастан аспаған болуы;
– жарысқа қатысушының жаттаған паралары толық болуы керек, яғни екі жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды;
– үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады;
– үміткер өз номинациясы бойынша республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
– Құранды жатқа айтуына, тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі.

Сайысқа қатысу үшін төмендегі байланыс телефонына хабарласу қажет:
Фархат Исаұлы 8 775 747 66 66

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.