Бейсенбі, 17 қыркүйек 2026 ж. 6 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:19
Күн 05:47
Екінті 16:31
Ақшам 18:30
Құптан 19:58
Жаңалықтар

Шымкентте қыздар арасында Құран жарысы өтті

14 там 2021 1 311 рет оқылды
Шымкентте қыздар арасында Құран жарысы өтті

Шымкент қаласының Абай аудандық «Сабыржан ата» мешіті және шаһардағы Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында «Құран және отбасы» тақырыбында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жарыс Құран Кәрімнің 30-шы бөлімін (пара) жатқа оқудан өтті. Оған мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында тәлім алып жатқан шәкірттер қатысты.

Жарыс нәтижесі бойынша: 1-орынды Салиха Мамыржанова, 2-орынды Мариям Муслимова, 3-орынды Гузаль Абдиева иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген қыздар мен барлық қатысушыға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлының атынан алғыс хат және қаржылай сыйлық табыс етілді.

Ұйымдастырылған шара барысында ата-аналар тағылымды жарыс үшін «Сабыржан ата» мешітің имамы Шухратбек Юлдашев мен ДСАК ұстазы Мукаддас Азимоваға ризашылықтарын білдірді.

#Құран жарысы #қари