Сейсенбі, 28 шілде 2026 ж. 14 сафар 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 02:27
Бесін 12:26
Екінті 17:46
Ақшам 20:13
Құптан 22:14
Жаңалықтар

ҚМДБ Төрағасы Құрбан айтта әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қуантты

29 мам 2026 346 рет оқылды
ҚМДБ Төрағасы Құрбан айтта әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қуантты

Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен бірнеше отбасының шаңырағына арнайы барып, айт мерекесімен құттықтады.


Кездесу барысында Бас мүфти отбасы мүшелеріне Құрбан айтқа шалынған малдың етін, азық-түлік себеттерін, сондай-ақ балаларға арналған тәттілер табыстады.

Сондай-ақ Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айттың қоғамдағы ізгілік пен жанашырлықты арттыратын ерекше мейрам екенін атап өтті.