Жұма, 11 қыркүйек 2026 ж. 29 рабиғул әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:07
Күн 05:38
Екінті 16:42
Ақшам 18:43
Құптан 20:13
Жаңалықтар

ҚМДБ: Құрбан айттың екінші күні 20 811 отбасыға ет таратылды

29 мам 2026 174 рет оқылды
ҚМДБ: Құрбан айттың екінші күні 20 811  отбасыға ет таратылды

Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр.


28 мамыр – Құрбан айттың екінші күні еліміз бойынша жалпы саны 987 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 605 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 637, ешкі – 219, ірі қара – 120, түйе – 11.

Құрбандық еті республика көлемінде 20 811 мұқтаж отбасы мен 855 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.

Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы мамыр айының 29-ы күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей!