Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Рамазан энциклопедиясы» парақшасы ашылды (ФОТО)

0 30

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

21 сәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Карантин жағдайындағы Рамазан» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында осылай деді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының muftyat.kz сайтынан «Рамазан энциклопедиясы» қосымша парақшасы ашылды. Бұл – Рамазанға қатысты барлық мәліметті алу үшін жасалған жоба. Өйткені, карантин кезіндегі оразаға қатысты халық тарапынан сұрақ қоюшылар көп. Бұл бастамамыз осындай сауалдарға жауап беру үшін ашылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс бағыттарының бірі – жамағаттан түскен сұрақтарға дер кезінде жауап беру» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Баспасөз конференциясында наиб мүфти Ершат Оңғаров ҚМДБ Төралқа мәжілісінде пітір садақасы мөлшері 370 теңге болып бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар зекет пен пітір садақасын онлайн режимде беруге болатынын жеткізді.

Тікелей көрсетілім «24 Хабар» телеарнасында, Орталық коммуникациялар қызметінің YouTube, Facebook желісіндегі парақшаларында өткізілді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.