Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Оразада мәкрүһ болмайтын іс-әрекеттер

0 1  617

Оразада мына іс-әрекеттерді істеу мәкрүһ болмайды:

1. Шәһуеттің қозуына алып бармайтындай жағдайда сүю.[1]Мысалы, апасы немересін.

2. Мұртты майлау.[2]

3. Көзге сүрме жағу.[3]

4. Мис`уак пайдалану.[4] «Мис`уак» деп арнайы талдың бұтағынан жасалатын тiс тазалағыш. Ұйқыдан тұрғанда, мешiт немесе үйге кiргенде, дәрет алғанда, намаздан бұрын тісті мис`уакпен тазалау – сүннәт. Расулуллаһ (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) мис`уакты пайдаланудың артықшылығына қатысты бір сөзінде:«Мис`уак – ауызды тазалайды әрі Раббының разылығын нәсiп етеді»,-десе,[5] екінші бір сөзінде: «Үмметiме машақатты болатынынан қорықпасам едi, әр намаздың алдында мис`уак қолдануды бұйырар едiм»,-деген.[6]Сонымен қатар, Имам Әл-Байһақи риуаят еткен хадисте Әли ибн Ғиса (родиял-лаһу ъанһу) былай деген: «Мен Ъасымнен (родиял-лаһу ъанһу): «Ораза ұстаған адам тісін мис`уакпен тазаласа бола ма?»,-деп сұрағанымда, ол: «Иә»,-деп жауап берді.

– Тісті ылғал және кептірілген мис`уакпен тазаласа бола ма?

– Иә.

– Тісті күндіздің әуелгі және ақырғы бөлігінде мис`уакпен тазаласа бола ма?

– Иә.

– Сен мұны кімнен естідің?

– Малик ибн Әнастан (родиял-лаһу ъанһу). Ал ол Нәбиден (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) естіді».[7]

5. Ауыз, мұрынды шаю.[8]

6. Тым ыстық уақытта салқындау үшін шайыну.[9] Сонымен қатар, салқындау үшін киімді сулауға болады. Бұл Имам Юсуфтың пәтуасы.[10]

Абдуссамад Махат

«Нұр Астана» мешітінің наиб имамы

[1]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[2]Бұл да сонда.

[3]Бұл да сонда.

[4]Бұл да сонда.

[5]«Муснадүл-Имами Ахмад».

[6]«Сахиху Муслим».

[7]«Тухфатүл-Ахуази».

[8]«Фиқһүл-ъибадат ъаләл-мазһабил-ханафи».

[9]Бұл да сонда.

[10]Бұл да сонда.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.