Базарда қой сатып тұрған бәдәуи әйелге біреу келіп: «Мына қойыңның бағасы қанша?», – деп сұрайды.
Әйел: «Осынша тұрады» деп бағасын айтады.
Әлгі кісі қойдың бағасын едәуір түсірмекші болып: «Бір қайырымдылық жасасаңшы», – деп қалады. Мұны естіген әйел қойдың жібін әлгі еркекке ұстатып жүріп кеткен екен.
Бұл уақиғаны сырттай бақылап тұрған біреулер әйелдің тұсына келіп: «Мұның не? Қойды беріп кеткенің қалай?», – деп таң қалысып сұрайды.
Әйел: «Ол маған қойдың бағасын түсірсеңші деп айтпады. Бір қайырымдылық жасасаңшы деп айтты. Біз жақта «қайырымдылық жасау» деп қойды тастап кететіндей ізгі істерге айтылады», – деген екен.
материал ұстаз Бауыржан Әлиұлының «Ойлаймын да» кітабынан алынды,
sunna.kz