Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Әзірет Сұлтан» мешітінде Президент жолдауы талқыланды

0 49

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Палаталарының бірлескен отырысында айтқан Қазақстан халқына Жолдауына орай бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде алқалы отырыс өтті.

Жиында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» деп аталатын Президент Жолдауындағы айтылған басты мәселелер бойынша жұмыс жоспары талқыланып, қызметкерлер ұсынысы тыңдалды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов жаңа Жолдаудың маңыздылығын атап өтіп, Мемлекет басшысының жолдауындағы ауқымды әрі күрделі шаруаларға белсене үлес қосуға шақырды. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Кемелұлының жаңа Жолдауындағы «ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫ» бөлімінде айтылған асыл қасиеттерді ұлт бойына сіңіріп, еліміздің әр азаматы білімді де еңбекқор, әділет сүйгіш, темірдей тәртіпті, ұқыпты да адал болып өсуіне ерекше еңбек сіңіру керектігі айтылды.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жақында қабылдаған «Рухани жеті қазық» құжатына сәйкес жүргізіліп келе жатқан уағыз-насихат, ағарту жұмыстарын ары қарай жалғастыру жайы пысықталды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.