Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елімізде қауіпті инфекция жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті

0 6  738

17 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан бойынша қауіпті инфекция жұқтырғандардың саны 27 адамға жетті, деп хабарлайды aikyn.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 14 науқас тіркелгенін хабарлады.

«Бүгіннен бастап Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді. Ол бойынша Франция, Иран, Италия, Германия мемлекеттері қаупі бойынша 1 А категориясына кірді. 1 Б категориясына Қытай, Оңтүстік Корея және барлық Шенген аймағы мемлекеттері жатқызылады. Ал 2 санатта Филиппин, Катар, Таиланд, Үндістан, Сауд Арабиясы бар», – деді министр.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.