Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жаман ауыруға байланысты Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласын жабуы мүмкін

0 2  708

17 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында коронавирус фактілерінің күн сайын көбеюіне байланысты екі қала жабылуы мүмкін, деп хабарлайды aikyn.kz сайтына сілтеме асаған sunna.kz тілшісі.

Бүгін, 17 наурыз сағат 13.00-дегі жағдай бойынша екі қалада жалпы 27 науқас тіркелді. Сондықтан екі қаланың әкімдері келесі жоспарға көшіп, қаланы да жабуы мүмкін.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстан ұлттық арнасында тікелей эфирде «Ашық алаң» бағдарламасында айтты.
– «В» жоспары бойынша бүгін енді жергілікті басқару органдары, әкімдіктер, әкімдер шешеді. Бүгін сондай болуы керек деп ойлаймыз. Өйткені, мүмкін, қаланы да жабатын шығар, – Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

«Қазір көптеген алдын алу шаралары қолданып жатыр. Бүгін Қазақстанның бас санитар дәрігерінің қаулысы күшіне енді. Бұл қаулыға сәйкес, біз бөлген үш санаттағы елдердің тізімі өзгерді. Сонымен қатар, бұл қаулыға сәйкес барлық медициналық мекемелер де, ауруханалар да карантин енгізіліп отыр және де барлық медициналық мекемелерде ауруханалар, емханаларда фото және бейнеге түсіруге рұқсат жоқ. Қатаң тыйым салынып отыр», – деді Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, қазір коронавирус 27 адамнан анықталған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.