Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕГЕ» ШАҚЫРАМЫЗ!

0 3  650

11-сәуір. Астана. /SUNNA.KZ/ – Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен, Астана концерт сарайындай (бұрынғы «Конгресс-Холл» концерт сарайы) «Берекелі мереке» атты рухани кеш өтеді.

Кеш барысында «Өнер қырандары» театрының қасиетті айға дайындық, оразаның пайдасы, Рамазан айының қадір-қасиеті, ораза кезінде көңіл бөлуге тиісті мәселелер т.б. мазмұндарды арқау еткен тағылымды қойылымдар көрсетілумен қатар, иләһи әндер, уағыз-насихаттық бағдарламалар да көрсетіледі.

Өтетін уақыты 20-сәуір. Билеттерді Астана мешіттерінен алуға болады.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.