Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бәрағат түнінің мәні мен маңызы

0 2  161

Бәраәт түні қазір қолданыста Бәрағат түні деп аталып кетті. Негізі ғайн әріпі ол сөзде жоқ. Аталмыш түннің мәні мен маңызы жайлы мәліметті төменде оқи аласыздар. Биылғы жылы Бәраәт түні Сәуір айының 19-нан 20-на қараған түні болады. Яғни, жұмадан Сенбіге қараған түн.

Дүние ақиреттің егістік алаңы болғандықтан оның есебі мен жоспары болуы заңдылық. Соған орай жерін жыртып егін дән ұрығын әзірлейтіні де рас. Жыл өткен сайын бұл салада мол тәжірибе жинап жоспарын пысықтап отырары даусыз. Сол арқылы әлеуметін әуелетіп аларға жол ашады. Міне бұл жоба жоспар ережеп, шағбан және рамазанда іске асады. Ең негізгісі Бәраәт түнімен басталып Қадр түнімен қосталады. Дұхан сүресінің 2-4 аяттарында Бәраәт түні жайлы екендігі айтылады: «Ақиқатты ашық баяндайтын осынау ап-айқын Кітапқа серт(2)! Біз оны құт-берекеге толы қасиетті түнде түсірдік. Біз (сол арқылы ақиқаттан сырт айналғандарды) ескертудеміз(3). Сол түні (Аллаһтың) хикметімен тадырға жазылған әрбір іс нақтыланатын болады(4).»

Бұл аяттар жайлы екі түрлі көзқарас бар. Жумһурдың көзқарасы бойынша бұл дегеніміз Қадр түні. Икримә бин Әбу Жәһилдің де арасында болған бір топ ғалым болса; бұл аталмыш түннің Бәраәт екенін алға тартқан. Міне бұл екі көзқарасты да біріктіріп қарасақ, хикметті істердің нақтылануы Бәраәт түні басталып Қадр түніне дейін жалғасын табады. Бұл хикметті істер не нәрсе және аяттың мағынасы қандай?

Жылдық тағдыр жоспары

Ибн Аббас рһума тан риуаят етілуі бойынша, хикметті істердің бір-бірінен реттеліп бөлінуі былайша жүзеге асады:

– Осы жылдан келесі жылға дейінгі іске асатын істердің барлығы бөлек-бөлек періштелер тарапынан дәптерлерге жазылады. Ризық-несібелер, ажал, байлық, кедейлік, өлім мен туулар бәрі осы кезде нақтыланады. Сол жылғы қажылардың саны да осы сәтте белгіленеді. Бәрінің және барлық нәрсенің сол жыл ішіндегі тағдыры тағайындалады.

– Ризық-несібеге қатысты дәптер Микайыл ғ.с ға беріледі.

– Соғыстарға байланысты дәптер Жәбірәйіл ғ.с ға беріледі.

– Іс-әрекет жағы дүние аспанына жауапты періште болған Исрафил ғ.с ге беріледі, өйткені ол да ұлық періштелерден болып саналады.

– Өлім және жаманшылыққа тиесілі дәптер де Өлім періштесіне тапсырылады – деген.

Фахруддин әр-Разидің ашықтауы бойынша бұл дәптерлердің реттелуі Бәраәт түні басталып, Қадр түні толық аяқталып әрбір дәптер иесіне тапсырылады.1

Бәраәт түні «жыл бойғы бір киелі дән ретінде және адам баласының тағдырының нақтыланып бекітілу жағымен Қадр түнінің қасиетіне» ұқсас мағыналарға сүйенеді.2

Құранның осы түнде түсу мәселесіне болса мынандай бір ашықтама берілген: бәрағат түні, Құран Кәрімнің ләухул-махфуздан дүние аспанына бірден түсірілген түн. Бұған инзал делінеді. Қадр түні болса Әз елшіге алғаш рет және бөлек-бөлек түсе бастаған еді. Мұны да тәнзил делінеді.

Бәрағат түнінің ерекшеліктері

Тәпсірлерде бұл түнмен байланысты мынандай ашықтаулар кездеседі: Салық төленгенде салық борышынан құтылғанын білдіретін бір парақ берілетін болса, Ұлық Аллаһ та Бәраәт түнінде момын құлдарына бәраәт/ құтылды деген анықтама жазады. Өйткені бұл түннің төрт атауы бар: «Берекелі түні», «Бәраәт/құтылу түні», «Сәкк/(берді парағы) түні» (Аллаһ тағала бұл түні момын құлдарына бәрағат жазады)» және «Рахмет түні».

«Бәраәт» сөзі «әл-бәраә» сөзі аулақ болу, ақталу, таза және кінәсіз шығу дегенге саяды. «Бәраәт» екі нәрсе арасында байланыстың болмауы, кісінің бір жауапкершіліктенқұтылуы немесе жауапкершіліктің болмауы мағынасына келеді. Момын құлдардыңбұл түнде күнә жүктерінен құтылып Иләһи жарылқануға қол жеткізулері үміт етілгендіктен де Бәраәт түні делінген.

Кей ғалымдар, құбыланың Құдыстағы Мәсжидул-Ақсадан Меккедегі Мәсжидул-Харам жаққа бұрылуының құтты көштің екінші жылы Бәраәт түнінде жүзеге асқанын қабылдаулары да бұл түнге ерекше бір мән сыйлауда.3

Бәраәт түнінің ерекше бес ерекшелігі бар:

1. Барлық хикметті істердің нақтылана бастауы. 
2. Бұл түнде жасалатын құлшылықтардың басқа уақыттарға қарағанда қат-қабат сауап болуы. 
3. Иләһи рахметтің барлық әлемді қоршауы. 
4. Аллаһтың кешірім және жарылқауының асып-тасуы. 
5. Әз елшінің шапағат еркіне қол жеткізген болуы.

Бір риуаятта Арда елші Шағбан айының он үшінші түні үмбеті үшін шапағат сұрады, үште бірі берілді. Он төртінші түні тіледі, үште екісі берілді. Он бесінші түні тіледі, бәрі берілді. Бірақ Аллаһтан (өзі) түйенің қашқанындай қашушылар басқа…

Зәмзәм құдығының дәл осы түні ап-айқын асып-төгілуі де осы айтылғандарды қуаттайтын құнды бір белгі болып жорамалдануда.4

Ақиық елші бір хадисінде бұл түннің берекесі жайлы сыр шертіп:

«Шағбан айының 15 – і түні келгенде түнді ояу құлшылықпен, күндізін болса оразамен өткізіңдер. Ол түні күн батқан соң Аллаһ рахметімен дүние аспанына тәжәлли етіп былай дейді:

Истиғфар тілеуші жоқ па, ғафу етіп жарылқайын. Ризық-несібе сұраушы жоқ па, дереу берейін. Басына қандайда бір іс түсуші жоқ па, дереу саулығын және қалауын берейін.

Осылайша таң арайлап атқанға дейін жалғастырады».5

Өйткені ол түнде Иләһи мейірім асып-тасыған түн. Бәраәт түні адам баласының тағдыр тақтасы сызылып жатқанда адамдарға берілген теңдессіз бір мүмкіндік болып саналады. Осы мүмкіндікті мүлтіксіз пайдаланып күнәларын кештіре білген, көңілінен өткен барлық дәмесін шын көңілден Ұлық Рахманға ұластырып, талап етуші және барлық пәле-қаладан тек Оған сыйынған құлдан асқан бақытты кім болмақ. Бір жағынан жан-жақты қоршаған рахмет тәжалласынан тоя іше алмаған құлдан асқан кім сорлы болмақ.

Бұл түнде кешірімнен құр қалушылар

Дана елші, бұл түні кешірімнен құр алақан қалушылар жайлы:

«Еш күдіксіз, Ұлық Аллаһ шағбанның он бесінші түнінде рахметімен асып-тасып барлық нәрсені қоршайды. Түгел махлуқатты жарылқайды. Текқана мушриктер және жүректері дұшпандық татымен толып адамдармен қарама-қайшылыққа түсуден басқа ешбір нәрсе ойламаушылардан басқа».6

«Ұлық Аллаһ осы түн бойы мұсылмандарды кешіріп жарылқайды. Каһин, сиқыршы немесе кекшіл (өте кек сақтаушы) немесе араққа салынған немесе ата-ансын ренжіткен немесе зинақорлықты жалғастырушы басқа».7

«Аллаһ Тағала шағбанның 15 түні тәжәлли етеді және ата-анасына қарсы келгендер, Аллаһқа ортақ қосушылардан басқа барлық құлдарын кешіріп жарылқайды».8

Үш айғаерен бір рухани және мағнауи дайындықпен кіретін Игі елші әсіресе Шағбан айына ерекше көңіл бөліп, басқа уақыттарда көрінбеген бір деңгейде құлшылыққа және ақирет істеріне кірісетұғын. Аталмыш айдың күндерінің ауданын ауызы берік өткізсе, түндерін де басқа түндерден өте бөлекше оятатын/тірілтетін-ді.

Бір Бәраәт түні оянып Іигі елшіні жанынан таба алмаған Айша анамыз іздей бастайды. Ақыры Арда елшіні жәннатул-бақиғ моласнда басын аспанға көтеріп (дұға еткен) күйде тапты. Дара елші жарына Бәраәт түнінің артықшылығын былай деп түсіндірді:

«Күдіксіз Аллаһ тағала шағбан айының 15 түнінде дүние аспанына тәжалли етеді және Бәни Кәлб тайпасының қойларының жүні санындай адамдарды ғафу етіп жарылқайды»9

Жасалған сауапты амалдардың басқа кездерде сауабы

он болса, Бәраәт түнінде жиырма мың болады. Мысалы басқа кезде оқыған бір Құран әріпіне он сауап жазылса, бұл түні оқылған әрбір әріпіне жиырма мың сауап бұйырады.

Міне сондықтан жан-тәнімен ықылас арқылы күш көрсете біле алсақ, Бәраәт түні елу мың жылдық бір құлшылық өмір сауабын бір түн ішінде бізге сыйлауы бек мүмкін.

«Сондықтан қолдан келгенше Құран және истиғфар һәм салауатпен шұғылдану таптырмас бір тың пайда»10

Жалғыз кісінің еңбектену және табыс табу мүмкіндігі, кәдімгі істе ауыр әрі мардымсыз болғаны секілді мағнауи істерде шектеулі десек, оның да бір амалы мен шарасы бар. Бір мақсатты көздеген және осы дүниеде бір мақсатпен өмір сүріп жатқан момын бауырларымызбен бірге құрған мағнауи серіктестік; бізге есебіне жете алмайтын шексіз бір мағнауи байлыққа кенелте алады. Ең бастысы заттық тұрғыда қол жеткізген пайдалар, серіктес ортақтардың арасында бөлісумен азайсада, мағнауи пайда да ондай нәрсе мүлде сөз һәм әңгіме емес. Өйткені рухани істер тұнған нұр болмақ. Нұр дегеніміз зат секілді кішіреймейді һәм бөлінбейді.

Бәраәт түнінің құлшылығы

Түннің рахани бағасы себепті намаз, Құран тиләуаты, зікір, тәсбих және истиғфармен өткізілуі, осы түннің себебімен мұқтаждарға қолғабыс көрсетіп һәм сол секілді қайрылы істерге ерекше мән беру мұстахаб болады.

Имам Ғазали әл-Ихияда, Бәраәт түні жүз бас намаз өтеу керек деген дерек келтірсе де, хадистанушы ғалымдар бұл намаздың сүннетте орыны жоқ екендігін ондай намаздың құтты көштен 400 жыл кейін Құдыста өтелгендігін атап өтуде. Тіпті Имам Нәуәуи мұндай бір намаздың сүннетте болмағандығы үшін бидғат болатынын атап өткен.

Одан да қаза намаздың өтелуі қайда абзал болары анық. Сонымен қатар біреу өтеп жатса сауабы болмайды деп үзілді-кесілді айтылмайды. Өйткені құлшылыққа құлшынысымыз әбден азайған бұл заманда, адамдардың осыны себепкер етіп намазға бет бұрғандарын көңіл-қошымен қабылдау жөн болып табылады.

Бәраәт түнінің дұғасы

Ізгі елші бұл түнде былай дұға еткен:

«Уа Аллаһым, азабыңнан кешіріміңе, ашуыңнан ризалығыңа сыйынамын, Өзіңнен тағы Өзіңе арқа сүйеймін. Саған толыққанды хамд етуден әлсізбін. Сен Өзіңді сәна еткеніңдей ұлықсың».11

Бәраәт тілегі

Кей тақуа-ізгі жандардың мынандай тілегі бар:

«Аллаһым, менің есмімді сағид/ұжмақтықтар дәптеріне жазған болсаң, онда бекем қыла гөр. Егер есімімді шақи/тамұқтықтар дәптеріне жазған болсаң ол жерден өшіре көр. Өйткені өзің былай деп әміреттің ғой: «Аллаһ қалағанын өшіріп жоқ етеді, қалағанын да бекем етіп қояды. Ләухул-Махфуз Оның Құзырында»». 12

Осы пайым мен сезім ішінде тірілтетін Бәраәт түнінің барлығымыз үшін ізгіліктерге себепкер болуын Аллаһтан тілеймін…

Сілтемелер:

1. Хуласатул-Баян, XIII/5251. 
2. Шұғалар, 426 бет. 
3. Түркие Дианет Ишлери. «Берат»бөлімі. 
4. Хақ Діні Құран Ділі,V/4295. 
5. Ибн Мәжа, Иқамә, 191. 
6. Ибн Мәжа 
7. Ет-Терғиб уәт-Тәрһиб, II/118. 
8. Ибн Мәжа, Иқамәтус-салат,191, Термези, Саум, 38. 
9. Термези, Саум, 39. 
10. Шұғалар, 426 бет. 
11. Ет-Терғиб уәт-Тәрһиб, II/119, 120. 
12. Рағыд сүресі, 39 – аят; Мәжмуғатул-Ахзаб, I/597.

Аударған:

Берікбай ГЕРМАНҰЛЫ

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.